Алматы облысында 3 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Динара Амантай

Учаске ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрған

Фото: Halyq Uni

Алматы облысында 3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті мен Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп жүргізген мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі ұзақ уақыт пайдаланылмай тұрғаны анықталды.

Ауданы 3 мың гектар жер учаскесі Балқаш ауданы әкімдігінің қаулысымен шаруа қожалығын жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға берілді.