Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды
Аса ірі көлемде ақша ұрлаған қазақстандық әйел Түркиядан елге қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның есепшісі бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық қаражатты заңсыз иемденген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Биыл тамызда әйел Түркияда ұсталып, бас прокуратураның сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді. Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысы бойынша мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.