×

Астанада мас күйінде қайыр тілеген ер адам сотталды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

 Халық үні 16.09.2024 | 08:33
фото: Facebook/Астана соттары

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орында айналасындағылардың мазасын алу фактісі бойынша ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс материалдарына сәйкес, азамат И. алкогольдік масаң күйінде қоғамдық орында бола тұра, қайыр сұрап, көлік жүргізушілерінің мазасын алған. Бұған дейін құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша осы тектес әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалғаны да белгілі.

Сот отырысы барысында И. өз кінәсін толық мойындап, әрекетті алкогольдік масаң күйде болғандықтан жасағанын айтты.

Сот қаулысымен құқық бұзушы И. ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, - делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама