Ақтауда көлік қаққан екі қыз жансақтау бөлімінде жатыр
Біріне ота жасалған
Ақтауда жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен балалардың жағдайы ауыр. Lada.kz жазуынша, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Дереккөзге қарағанда, жол апатынан зардап шеккен 2008 және 2012 жылы туған қыз балалар ауруханаға шок алған күйінде түскен. Жансақтау бөлімінде жатқан олардың қазіргі жағдайы қыл үстінде деп бағаланып отыр.
Үлкеніне бүгінде ота жасалған. Алайда дәрігерлер әлі нақты болжам жасай алмай отыр. Ата-аналары да реанимация бөліміне жіберілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қыркүйек күні кешке Ақтауда Toyota Camry маркалы автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып, соның кесірінен 2008 және 2012 жылы туған екі қыз зардап шеккен еді.