Halyq Uni логотип
×

Көшпенділер ойындарының символы – торсық тола су Қырғызстанға тапсырылды

Су эстафетасы – байрақты бәсекелердегі алауды жағу дәстүріне ұқсас

 Халық үні 13.09.2024 | 20:38
Көшпенділер ойындарының символы – торсық тола су Қырғызстанға тапсырылды
фото: qazsporttv.kz

Бүгін, 13 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шараның жабылу салтанатына Қазақстанның Турзим және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нуров қатысты.

Бұл шарада Наиль Нуров Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтовқа торсық тола суды табыстады. Бұл дегеніміз – келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді деген сөз.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты алдында су эстафетасы өткізілген болатын. Бұл шара байрақты бәсекелердегі алауды жағу дәстүріне ұқсас.

Айта кетсек, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 90-ға жуық елден 2 мыңнан аса спортшы бақ сынады. Жалпы саны 97 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама