Мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындады
Ақтауда прокуратура актісін уақтылы қарамағаны үшін шенеунікке айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің орынбасары қадағалау органының актісін уақтылы қарамағаны үшін сот қаулысымен 8 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс прокурордың ұсынуымен қарау мерзімін реттейтін «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін қозғалды.
Атап айтқанда, лауазымды қызметкер заңда белгіленген мерзімге қарамастан, қалалық прокуратураның ұсынуын бір айдан астам уақыт бойы тиісінше қарау жөнінде шараларын қабылдамаған. Прокуратураның талабынан кейін ұсынудың қарау қорытындысымен 8 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам қаржы өндірілді.
Мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындап, салынған айыппұлды төледі.