×

«АрселорМиттал Теміртаудағы» ТЖ: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған

 Қанат Атаманов 10.06.2022 | 21:00
Фото: tengrinews.kz

Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1994 жылы туған науқас ауруханаға жеткізілген.

Гемодинамика тұрақты, маңдай бөлігінде терең жара бар. Қазіргі уақытта диагностика жүргізіліп, политравматология бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург, хирург, реаниматологтар бірге тексеріп жатыр. Науқас қарқынды терапия бөліміне жеткізілді, - деді ведомство өкілдері.

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі департамент оқиғаға байланысты басталған тергеу туралы хабарлады.

Ал Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Оқиға орнында Теміртау қалалық Полиция департаменті мен Полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр», - деді полициядағылар.

Еске салсақ, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» цехтарының бірінде металлургиялық пешті жөндеу кезінде 4 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама