ҰҚК қырғыз көкпаршысына қысым жасалғанын жоққа шығарды
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің қырғыз көкпаршысына қысым жасағанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Биыл 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде көкпардан Қырғызстан құрамасының ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Себебі, ҰҚК қызметкерлері V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатыспады, - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада.
ҰҚК қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көзіне сенуге шақырады.