Учаскелер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері прокурорлар мемлекетке 497 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Тайынша және Уәлиханов аудандарында Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы меншік иелері жалпы ауданы 25,1 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Қадағалау шараларымен сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін