Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болады.
Сондықтан солтүстікте, шығыста және орталықта атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Сондай-ақ шығыста түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін деген болжам бар. Қазақстан бойынша жел күшейеді, - деп жазылған хабарламада.
Түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі. 16 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз ауа температурасы батыста +20+30°С, солтүстік-батыста +12+25°С, шығыста +5+18°С, оңтүстікте +23+32°С, солтүстік және орталықта +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтеріледі, - деп жазылған хабарламада.