Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды
Көкшетаудың 80 жастағы тұрғыны өрт кезінде көз жұмды. Оқиға бүгін, 10 маусым күні, түскі он екілер шамасында болды.
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден шыққан.
Жалынды сөндіру барысында 1942 жылы туған зейнеткердің жансыз денесі табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды, - делінген департамент таратқан хабарламада.
Тілсіз жау сағат 13-18-де толық сөндірілді. Оның жалпы аумағы 135 шаршы метрді құрады.