Halyq Uni логотип
×

Тоқаев сингапурлық компания төрағасымен Alatau City жобасын талқылады

Бизнес-хабтың бас жоспары биыл мамырда қабылданды

 Динара Амантай 13.09.2024 | 12:33
Тоқаев сингапурлық компания төрағасымен Alatau City жобасын талқылады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кездесуде Alatau City жобасын іске асыру перспективасы талқыланды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вонг Хэн Файн шетелдің инвестициясын, технологиясын және білім әлеуетін тарта отырып, Алатау қаласын тиімді дамыту жөнінде егжей-тегжейлі пікір алмасты.

Президент сингапурлық Surbana Jurong компаниясымен бірлесе дайындалған Алатау қаласының Бас жоспары биыл мамырда қабылданғанын айтты.

Мемлекет басшысы осы тектес жобаларды іске асыруда Вонг Хэн Файнның мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондықтан оның бас консультант ретінде берген ұсынымдары халықаралық бизнес-хабқа айналуды көздейтін жаңа қаланы жобалау және салу ісінде нақты нәтижеге ұласатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама