Алматыда спектрометрлер іске қосылды

Динара Амантай

Бастама қала экологиясын жақсартуды көздейді

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда автокөлік шығарындыларын бақылайтын спектрометрлер іске қосылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және Қоршаған орта басқармасының бастамасымен«Sergek Group» компаниясымен бірлесіп оңтүстік астанада спектрометрлер орнатылды.

Спектрометр – дизель автокөліктерінен шығатын түтінді бағалауға қабілетті көліктердің пайдаланған газдарындағы заттарды (көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутектер және аммиак) өлшеу және талдау аспабы. Аспаптар жолдың қарама-қарсы жағындағы учаскелерде орнатылады және жарық сәулелерінің көмегімен көлікті тоқтатпай-ақ нақты уақыт режимінде өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды. EDAR (Emissions Detection and Reporting) және OPUS сияқты ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссельде сәтті жұмыс істеп жатыр, – делінген әкімдік хабарламасында.

Жобаның мақсаты – Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автокөліктердің экологиялық стандарттарды сақтауын бағалау.

Бастама қала экологиясын жақсартуды көздейді.