×

Көшпенділер ойындары: соңғы жарыс күнінің кестесі жарияланды

Қазақ құсбегілері жүлдеге таласады

 Дәурен Ерболат 13.09.2024 | 10:01
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының 13 қыркүйекке арналған жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы.

Көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күнінде бәйгеден жүлделер сарапқа салынады:

  • Ұшқыр бәйге (1600 метр, 2400 метр, 3200 метр);
  • Жорға (9 км);
  • Құнан бәйге (11 км);
  • Топ бәйге (18 км);
  • Аламан бәйге (25 км).

Жарыс «Қазанат» ипподромында сағат 9.00-де басталады.

  • Ипподром маңындағы этноауылда сағат 10.00-де теңге ілуден жеті құт сайысынан Бақыт Төлтай өнер көрсетеді.
  • Этноауылда сағат 10.00-де құсбегілік жарысы басталады. Қазақстандық құсбегілер бүркіт салудан жүлдеге таласады.
  • «Алау» мұз сарайында сағат 10.00-де қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан финалдық бөлім басталады. Қазақстан құрамасы алтын жүлде үшін күреседі.
  • «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде сағат 10.00-де түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан сайыс басталады. Мангаладан ұлттық құрама сапында Айкерім Қуанышбекова, Құндыз Есіркеп, Азамат Қайдаров және Биғали Зкиряев сынға түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама