Мамандар жедел әрекет етті
Хромтауда тұрғын үй өртеніп, құтқарушылар 60 адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, қаладағы Есет батыр көшесінде бес қабатты үйде пәтер өртенді. Онда газ шлангісінің бұзылуынан өрт шыққан.
Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады. Оның ішінде 15 бала бар. Өрт сөндірушілер газ құбырын жедел жауып, өрттің таралуына жол бермеді.