Синоптиктер 13 қыркүйектегі ауа райын болжады

Халық үні

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі

фото: Наталья Щедрина

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 қыркүйектегі ауа райын болжады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Баяу жылжитын антициклонның әсерінен елдің барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнайды. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстігінде шаңды дауылмен, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.