10-ға жуық тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен
«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, Қытайдың оңтүстік және орталық провинцияларында толассыз жауған нөсер соңы лай көшкінге ұласқан. Көшкін жолдарды шайып, инфрақұрылымға зиян келтірген.
Соңғы мәліметке сәйкес, көшкін салдарынан 17 адам қаза тапса, 10-ға жуық тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар бір адамды аман алып қалған.
Қазіргі уақытта мамандар жауын-шашынға қарамастан, іздеу-құтқару операциясын жалғастырып жатыр.