Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды

ТЖМ ескерту жасады

 Динара Амантай 12.09.2024 | 14:37
Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан ер адамдар құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Осакаров ауданындағы Молодежный кентінен 17 шақырым жердегі Қаныш Сәтбаев атындағы су каналының 10-торабында болған. Қатты желдің салдарынан қайықтағы екі балықшы жағалауға 500 метр қашықтықта өз бетінше орала алмады

Құтқарушылар шақырту орнына жедел барып, балықшылармен бірге қайықты жағаға аман-есен жеткізді.

ТЖМ ескертеді:

  • су қоймасына желді ауа райында шығуға болмайды;
  • қайыққа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама