×

Қорғаныс саласына неге мардымсыз қаржы бөлінеді? – депутат

Бүгінде әскери салаға ЖІӨ-нің 0,7%-ы бөлініп отыр

 Дәурен Ерболат 12.09.2024 | 13:23
Фото: Halyq Uni

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде депутат Ермұрат Бапи Қазақстанда қорғаныс саласында мардымсыз қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Отырыста «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары таныстырылды. Депутат өзекті мәселені көтерді.

Қорғаныс саласына бөлінген қаражаттың жалпы сомасы көрсетілді. Украинадағы жағдаймен салыстырсақ, бұл сандар ештеңені білдірмейді. Мен елімізде ішкі жалпы өнімнің қанша көлемі қорғаныс саласына бөлінетінін білгім келеді, – деді Ермұрат Бапи.

Сұраққа Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов жауап берді.

2025 жылы қорғаныс саласының бюджеті ЖІӨ-нің 0,47%-на, ал мемлекеттік тапсырыс ЖІӨ-нің 0,24%-ына тең. Осылайша, қорғанысқа ЖІӨ-нің 0,68%-ы бөлініп отыр, – деді басшы орынбасары.

Депутат қазіргі соғыс қаупі жағдайында бұл қаржы өте мардымсыз екенін атап өтті.

Биылғы бюджетте (қорғаныс саласына) ЖІӨ-нің 0,7%-ы, келесі жылға 0,8%-ы қарастырылған. Бұл не қаржыландыру? Бұған кім жауап береді? Сарапшылардың болжамынша, түрлі қауіа-қатерлер бар.  Қорғаныс министрлігі бұл қауіп-қатерді ескермей ме? Мұндай қауіп бар. Біздің қорғаныс ведомствосында осындай болжам бар... Біз бұл мәселені әлі көтереміз?, – деді Ермұрат Бапи.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама