Ақтауда ірі сауда желісіне айыппұл салынды
Сот актісі заңды күшіне енді
Ақтауда тұтынушылардың құқығын бұзған ірі сауда желісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратураның мәліметінше, биыл мамырда қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген бағадан 20%-ға жуық қымбатқа сатқан.
Бұл факті бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Апайда заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды. Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісіне 738 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот актісі заңды күшіне енді.