×

Пара алған бөлім басшысына сот үкімі шықты

Делдалдар да жауапқа тартылды

 Динара Амантай 12.09.2024 | 13:04
Фото: Halyq Uni

Талдықорған қалалық сотында пара алған бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы делдалдар – Панфилов аудандық ауруханасының травматологы, Сарқан аудандық ауруханасының психиатры және Ақсу аудандық ауруханасының УЗИ дәрігері арқылы бес адамға мүгедектікті белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет 450 мың теңге көлемінде пара алған.

Бөлімнің бұрынғы басшысы ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша 8,7 млн теңге айыппұл төлеуге, травматолог ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігі бойынша 9 миллион теңге айыппұл салуға, психиатр мен УЗИ дәрігеріне ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігі бойынша сәйкесінше 300 мың теңге және 700 мың теңге айыппұл салуға жаза тағайындалды және бес пара берушіге Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі бойынша 450 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда төленбеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама