Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырған есепші сотталды

Динара Амантай
Фото: Halyq Uni

Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мекеме есепшісі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалған құжаттар жасағаны және шоттарына қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталды. ҚК 190-б. 3-б 1-т. сәйкес, осы факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды, – делінген хабарламада.