Қазақстан мен Түрікменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Динара Амантай

Министрлер кездесуінде бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды

Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Түрікменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев Түрікменстанның мемлекеттік министрі – «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездескен. Кездесуде тараптар газ саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

 Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев бірлескен күш-жігердің арқасында елдер өзара тиімді ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығара алатынына сенім білдірді.

Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша елдердің газ саласындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында Түрікменгаз бен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында ниет туралы меморандумға қол қойды.