Halyq Uni логотип
×

Биылдан бастап 30-дан аса мектеп оқушылары жаңа оқулықтармен оқиды

Сынақтың екінші кезеңі іске асырылып жатыр

 Динара Амантай 11.09.2024 | 11:43
Биылдан бастап 30-дан аса мектеп оқушылары жаңа оқулықтармен оқиды
Фото: Halyq Uni

Биыл 2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар апробациядан өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқу-ағарту министрлігі осы арқылы жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтап, мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдауды көздейді,

Апробация 4-сыныпқа арналған келесі оқулықтарды қамтиды: «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Шет тілдері» (ағылшын, неміс, француз) және «Цифрлық сауаттылық» (электрондық оқулық). Апробацияға педагогтер мен оқушылар қатысып жатыр. Бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, министрлікке қарасты ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы.

Сарапшы болуға өтініш бергісі келетін мұғалімдер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама