×

Кабирхан қатысқан ат бәйгесінің режиссері Көшпенділер ойынына келді

13 қыркүйекте Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бәйгенің трансляциясына режиссерлік етеді

 Халық үні 10.09.2024 | 22:29
фото: дереккөз

Британдық режиссер Джонатан Эдвардс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шақыруымен Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына келді, деп хабарлайды ұлттық арнаның баспасөз қызметі. 

Әлемдік деңгейдегі ат жарыстары мен спорттық шаралардың режиссері 13 қыркүйекте Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бәйгенің трансляциясына режиссерлік етеді. Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірлім тобымен бірге «Қазанат» ипподромында болып, корпорацияның техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Джонатан Эдвардс – 20 жылдан аса тәжірибесі бар спорт режиссері.  Регби, бадминтон, триатлон, авто, мотоспорт, гольф, хоккей және ат спортынан халықаралық жарыстарға, оның ішінде қазақстандық сәйгүлік Кабирхан қатысқан Дубайдағы Al Maktoum Challenge турниріне режиисерлік еткен.

Көшпенділер ойындары аясындағы ат жарысы Qazsport телеарнасынан 13 қыркүйекте, Астана уақытымен сағат 09:00-ден бастап көрсетіледі. Тікелей эфир трансляциясы арнаның YouTube, Facebook, TikTok желісіндегі парақшалары арқылы таратылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама