Талдықорғанда мыңнан астам вейп тәркіленді
Тауардың жалпы сомасы – 7млн теңге
Талдықорғанда мыңнан астам вейп тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жетісу облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, темекі өнімдерін және вейпті заңсыз сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел іс-шаралар барысында, нақты айтқанда бақылап сатып алу кезінде екі ер адам ұсталды: 18 жастағы курьер және 22 жастағы сатушы заңсыз сауда жасаған.
Санкцияланған тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 вейп тәркіледі. Тауардың жалпы сомасы – 7млн теңге.