Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысының әлеуметтік орталықтарында заңбұзушылықтар анықталды

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 10.09.2024 | 16:46
Қарағанды облысының әлеуметтік орталықтарында заңбұзушылықтар анықталды
Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқығы өрескел бұзылған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қамқорлыққа алынғандардың зейнетақысы мен жәрдемақысы тиімсіз жұмсалғаны белгілі болды.

Орталықтар тауарларды нарықтық құнынан кейде екі есе жоғары бағамен сатып алуға, сонымен қатар құны 70 миллион теңгеден асатын тағамдық қоспаларды негізсіз сатып алуға 15 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабына сәйкес («Қорғаншының немесе қамқоршының құқығын теріс пайдалану») сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, орталықтардың бірінде мекеме қамқорлығына алынған адамның жүктілігін заңсыз тоқтату фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған дерекке қатысты сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама