Алматыда қалта ұрылары сотталды

Динара Амантай

Қылмыстық топтың 2 мүшесіне іздеу жарияланды

Фото: Halyq Uni

Алматыда қалта ұрыларынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның жетекшісі мен 11 мүшесі анықталды. Олар өткен жылдың қарашасынан бері қоғамдық көлікте торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлаған.

Орташа есеппен, қылмыскерлердің күнделікті заңсыз табысы шамамен миллион теңгеге жеткен.

Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

ҰҚТ-ның екі мүшесіне іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.