Halyq Uni логотип
×

Алматыда түрме басшылығы мен қызметкерлері тергеліп жатыр

3 адам қамауға алынды

 Динара Амантай 10.09.2024 | 13:53
Алматыда түрме басшылығы мен қызметкерлері тергеліп жатыр
Фото: Halyq Uni

ҰҚК Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-ші («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану»), 362-ші («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») және 366-шы («Пара алу») баптарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікке ілінген, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама