Алдымен ұсыныстар жиналады
Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжілістің бір топ депутатының ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары «Шығыс Қазақстан облысын UTC+6 сағаттық белдеуін қайтару керек» деп өз ұсыныстарын айтқан.
Бірақ (бірыңғай уақыт белдеуі, UTC+5) шығыс үшін тиімсіз. Шығыс Қазақстанда таңғы 2:30-да таң атады. Сиырдың мөңіреген даусынан оянасың, ал кешкі 17:00-18:00-де тас қараңғы. Өңірде екінші, үшінші ауысымда оқитын оқушылар бар. Олар қалай қайтады?! Тіпті ауылдардағы көшелерде жарық жоқ. Жер үлкен болған соң, география бойынша уақыт белдеуі алдын ала зерттелуі керек еді. Денсаулыққа қаншалықты зиян екені, қанша энергияны артық шығындап жатырмыз, – деген еді депутат Мақсат Толықбай.
Тамара Дүйсенова депутаттық корпус бұл мәселені қайта көтеріп жатқанын жеткізді.