Halyq Uni логотип
×

Премьер-министр цифрлық дағдылар банкін қалыптастыруды тапсырды

Кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту қажет

 Динара Амантай 10.09.2024 | 14:25
Премьер-министр цифрлық дағдылар банкін қалыптастыруды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекет басшысы 2025-ші жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Үкімет басшысы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын іс жүзіне асыру қажеттігін атап өтіп, кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың басым бағыттарын белгіледі.

Еңбек нарығының, бизнестің және білім алушы жастардың мүддесі мен қажеттіліктерін ескеретін жүйелі шаралар кешенін әзірлеу керек. Бұл ретте қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, білікті кадрлар даярлау мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып қала бермек, – деді Олжас Бектенов.

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту шеңберінде келесі тапсырмалар берілді:

  • Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, «Атамекен» палатасымен бірлесіп, алдағы Жұмысшы мамандықтарының жылы шеңберінде Техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау бойынша кешенді жоспар әзірлеуі қажет. Ол колледждерді техникалық жағынан қамтамасыз ету, оқытушылар құрамы мен оқу бағдарламаларына қойылатын талаптар, колледждердің жұмыс сапасын бағалау және оларды қаржыландыру бағытында нақты шараларды қамтуға тиіс;
  • Еңбек министрлігі «Атамекен» палатасы салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті еуропалық жіктеуіш негізінде Цифрлық дағдылар банкін қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы негізінде түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін сертификатталған колледж түлектерінің тізілімін құру қажет. Бұдан басқа, белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, жұмысшы біліктілігін тану орталықтарының желісін дамыту шараларын қабылдау;
  • Ғылым және Оқу-ағарту министрліктері ұқсас мамандықтар бойынша университеттерде оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектеріне арналған гранттар санын ұлғайта отырып, мемлекеттік тапсырыс құрылымын қайта қарау міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама