Halyq Uni логотип
×

Еліміздегі кәсіпорындарға 30 мыңнан аса маман қажет

Сауалнамаға 50 мыңнан аса мекеме қатысты

 Динара Амантай 10.09.2024 | 11:11
Еліміздегі кәсіпорындарға 30 мыңнан аса маман қажет
Фото: Halyq Uni

Еліміздегі кәсіпорындарға 30 мыңнан аса маман қажет. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталов бүгінгі Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жиында мемлекет басшысының кәсіби кадрларды даярлауға қатысты Жолдауын іске асыруды қамтамасыз ету шаралары қаралды

Функцияларға сәйкес, Ұлттық палата кәсіпорындар мен колледждер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіріп, дуалды оқыту туралы жасалған шарттардың тізілімін жүргізеді, сондай-ақ кәсіпорындардың тәлімгерлерін оқытады.

Дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша жол картасы аясында 496 колледжбен және 75 мың студент даярлау бойынша 7 мыңнан астам кәсіпорынмен келісімшарттар жасалды. 2014 жылдан 2024 жылға дейін ҰКП үйлестіруімен 208 мыңнан астам студент дуалды оқытумен қамтылып, оның 85%-ы бітірген сәттен бастап алғашқы 3 айда жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы дуалды оқыту шарттарының тізілімін іске асыру мен жүргізудің барлық процесін цифрландыру жоспарланып отыр, — деді Райымбек Баталов.

Жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шеңберінде құрылған тізілімде 583 білім беру ұйымы бар. 67%-ы кәсіпкерлік субъектілерін құрды, оның 237-сі кәсіпорындар жанынан, 186-сы колледждер жанынан, 149-ы дербес оқу орталықтары, 5-і қауымдастықтар жанынан және 6-ы жоғары оқу орындары жанынан құрылды.

ҰКП алдағы жылдарға кадрларға қажеттілікті анықтау үшін жыл сайын бизнес субъектілері арасында сауалнама жүргізеді. 2024 жылы 50 мыңға жуық бизнес субъектілері сауалнамаға қатысып, олардың ішінде 13 176 кәсіпорын 130 562 маман қажет екенін көрсетті, – деді Райымбек Баталов.

Талдау нәтижелері жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін пайдаланылатыны айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама