Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да 3,5 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

2 шетелдік азамат қамауға алынды

 Динара Амантай 10.09.2024 | 10:36
ШҚО-да 3,5 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді
Фото: Halyq Uni

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылып, 3,5 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратура ҰҚК-мен бірлесіп, Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі.

Заңсыз айналымнан 630 мың бір реттік үлеске баламалы 125 келіден аса мефедрон, 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 келіге дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буын зертханалық жабдықтар тәркіленді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады. Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама