Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымы тоқтатылды

Динара Амантай

Олардың кейбірі Қаңтар оқиғасында ұрланған

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Биыл шелде-тамыз аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана мен Щучинскіде атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымын тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астанада жүргізілген тінтулер барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды. Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды.

41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 оқ-дәрі тәркіленді, – делінген хабарламада.

Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.