Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекетке жаңа елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
- Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстанның Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстанның Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
- Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстанның Ауғанстан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.