Өнім беруші біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат берген
Маңғыстау облысының прокурорлары 39 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған. Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады, – делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.