Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында

 Динара Амантай 09.09.2024 | 14:24
Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Halyq Uni

ІІМ Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында оқушылардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қылмыстық іс шеңберінде тергеушілер мектеп, асхана және жеткізуші компания қызметкерлерінің қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Мектеп асханасына азық-түлік сатып алынған нысандар анықталып, жеткізу шарттары мен үлгілері алынды. Қажетті зерттеулер тағайындалды, – делінген министрлік хабарламасында.

Тергеу іс-шаралары мен зерттеу нәтижелері бойынша кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама