Маңғыстау облысында жантүршігерлік көлік апаты болды
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Ақтау маңында жантүршігерлік көлік апаты болып, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды lada.kz.
Маңғыстау облысы ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте шамамен 15.30-да болған.
Ақтау – Құрық тас жолының 39-шақырымында екі көлік соқтығысып, жанып кеткен. Салдарынан бірнеше адам көз жұмған.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа тергеуді бастады, - деп жазылған хабарламада.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.