Науқас ауруханаға жеткізілді
Ақтөбе облысында 63 жастағы қазақстандық өз үйінде өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Хромтау қаласы Әуезов көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатында болған. Пәтердегі 2 шаршы метр матрас жанған.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өртті өздері сөндірген. Алайда 1961 жылы туған ер адамның арқасы күйіп қалған: 2 дәрежедегі термикалық күйік. Ол ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді.
63 жастағы тұрғын темекісін өшірмей, төсекке жатқан. Салдарынан өрт шыққан.