×

Ирландиялық фотограф Қазақстандағы ғарышкерлер қонатын орынның суреттерін жариялады

Байқоңыр ғарыш айлағы мен аймақтағы ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін де суретке түсірген

 Халық үні 08.09.2024 | 19:51
фото: The New Yorker

Ирландиялық белгілі фотограф Эндрю Макконелл ғарышкерлердің жерге қайтып оралатын орнын көрсетті. Бұл үшін Қазақстанға келген ол Байқоңырдан фотосуреттер легін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Эндрю Макконел ғарышкерлер отырған капсуланың Жерге қону сәтін тамашалау үшін елімізге алғаш рет 2015 жылы келген екен. Ал 2015-2023 жылдар аралығында ғарышкерлердің капсуламен Жерге оралуын ондаған мәрте көріп, фотоға түсірген.

Бұдан бөлек, Байқоңыр ғарыш айлағы мен аймақтағы ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін де суретке түсірген.

Макконелдің айтуынша, ғарышкерлер отырған капсуланың қонған сәтін тамашалауға өте аз адам келеді еке. Кейде жергілікті тұрғындар атпен барады. Ал кейбірі ғарыш кемелерінің бөліктерінен қоршау, малға арналған қора салып алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама