Маңғыстауда уланған оқушылар саны 300-ге жетіп қалды

Қымбат Елтайқызы

Бастауыш сынып оқушылары асханада уланып қалған еді

фото: Астана әкімдігі

Облыс әкімшілігі қазіргі уақытта уланған оқушылар саны бойынша мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Lada.kz дерегінше, қазір үй жағдайында 222 бала емделсе, 67 бала ауруханада жатыр, олардың екеуі жансақтау бөліміне түскен.

Шенеуніктер 1-4 сынып оқушыларының асханада нақты не жегені туралы сұраққа барлық себеп пен жағдай анықталып жатыр деп жауап берді. Мектепті тамақпен қамтамасыз ететін компания да белгісіз. Зерттеу нәтижелері үш-бес күннен кейін дайын болады, – делінген ақпаратта.

Атап өтсек, Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушылары асхана тамағымен жаппай уланып қалды. Кейін кәнілілер қатаң жазаланатыны белгілі болды. Денсаулық сақату министрлігі мен облыс әкімі бұл жағдайды жеке бақылауына алды.