Хат мазмұны жарияланды
Мемлекет басшысы Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады.
Тоқаев ұлт бірлігі мен ынтымағының бірегей нышаны болған бұл мейрамның мемлекет тарихындағы орны ерекше екенін атап өтіп, Бразилия халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі достық және өзара қолдау рухында одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.