Ұлы дала жорығы: бүгін 400-шақырым еңсерілді

Халық үні

Төртінші кезең жеңімпазы – Қабардин-Балқар командасы

фото: Halyq Uni

6 қыркүйекте Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 11 команда Ақмола облысының Жалтыр елді мекенінің маңынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Тоғанас ауылында аяқтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жалпы жол қашықтығы – 500 шақырым, және бағыт Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон ертең, яғни 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 400 шақырымын бағындырды. Ертең бесінші кезеңді бастайды. Тоғанас ауылы маңынан басталатын жорық Астана қаласының маңына барып тоқтайды.

Жеңімпаздарды марапаттау сағат 20:00-де «Қазанат» атшабар алаңында (этно-ауыл) өтеді.

Төртінші кезең (100 шақырым) қорытындысы бойынша, Қабардин-Балқар командасы жеңімпаз атанды. Қазақстандық Маңғыстау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті қазақстандық Ақтөбе облысының командасы түйіндеді.

400 шақырым қорытындысы:

КОМАНДА

ЖАЛПЫ УАҚЫТЫ

1.

Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы.

22:36:14

 

2.

Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы.

22:43:29

 

3.

Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы

22:51:16

 

4.

Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы.

23:13:14

 

5.

Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы.

23:25:39

 

6.

Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы.

23:58:44

 

7.

Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы.

24:25:51

 

8.

Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы.

24:48:32

 

9.

Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы.

31:59:39

 

10.

Қырғыз Республикасы.

Жарыстан шығып қалды

11.

Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы.

Жарыстан шығып қалды

 

12.

Мажарстан

Жарыстан шығып қалды

 

13.

Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы.

Жарыстан шығып қалды

 

14.

Иран Ислам Республикасы

Жарыстан шығып қалды

 

15.

Оңтүстік Африка Республикасы.

Жарыстан шығып қалды

 

16.

Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы.

Жарыстан шығып қалды

 

17.

Түркия Республикасы

Жарыстан шығып қалды

 

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жоба ұйымдастырушысы: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Республикалық «JORYQ» ат спорт федерациясы.

Қолдау көрсетушілер: AMANAT партиясы, Туризм және спорт министрлігі, Sport Qory, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкімдігі.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан», «Астана» телеарналары, NurMedia және Halyq Uni Media ресурстары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы малының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.