Ұлы дала жорығы: бүгін 400-шақырым еңсерілді
Төртінші кезең жеңімпазы – Қабардин-Балқар командасы
6 қыркүйекте Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 11 команда Ақмола облысының Жалтыр елді мекенінің маңынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Тоғанас ауылында аяқтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жалпы жол қашықтығы – 500 шақырым, және бағыт Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон ертең, яғни 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 400 шақырымын бағындырды. Ертең бесінші кезеңді бастайды. Тоғанас ауылы маңынан басталатын жорық Астана қаласының маңына барып тоқтайды.
Жеңімпаздарды марапаттау сағат 20:00-де «Қазанат» атшабар алаңында (этно-ауыл) өтеді.
Төртінші кезең (100 шақырым) қорытындысы бойынша, Қабардин-Балқар командасы жеңімпаз атанды. Қазақстандық Маңғыстау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті қазақстандық Ақтөбе облысының командасы түйіндеді.
400 шақырым қорытындысы:
№ |
КОМАНДА |
ЖАЛПЫ УАҚЫТЫ |
1. |
Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы. |
22:36:14
|
2. |
Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы. |
22:43:29
|
3. |
Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы |
22:51:16
|
4. |
Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы. |
23:13:14
|
5. |
Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы. |
23:25:39
|
6. |
Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы. |
23:58:44
|
7. |
Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы. |
24:25:51
|
8. |
Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы. |
24:48:32
|
9. |
Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы. |
31:59:39
|
10. |
Қырғыз Республикасы. |
Жарыстан шығып қалды |
11. |
Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы. |
Жарыстан шығып қалды
|
12. |
Мажарстан |
Жарыстан шығып қалды
|
13. |
Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы. |
Жарыстан шығып қалды
|
14. |
Иран Ислам Республикасы |
Жарыстан шығып қалды
|
15. |
Оңтүстік Африка Республикасы. |
Жарыстан шығып қалды
|
16. |
Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы. |
Жарыстан шығып қалды
|
17. |
Түркия Республикасы |
Жарыстан шығып қалды
|
Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Жоба ұйымдастырушысы: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Республикалық «JORYQ» ат спорт федерациясы.
Қолдау көрсетушілер: AMANAT партиясы, Туризм және спорт министрлігі, Sport Qory, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкімдігі.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан», «Астана» телеарналары, NurMedia және Halyq Uni Media ресурстары.
«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы малының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.