Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысында салық қызметкерлеріне айыппұл салынды

Олар кәсіпкердің құқығын бұзған

 Динара Амантай 06.09.2024 | 17:17
Қызылорда облысында салық қызметкерлеріне айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Қызылорда облысында кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеру жүргізген мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жалағаш ауданының прокуратурасы басқарманың қызметкерлері тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілмеген мекенжайда орналасқан азық-түлік дүкенінде тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша кәсіпкер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабымен әкімшілік жауапқа тартылған.

Басқарма қызметкерлері тексеру тағайындау туралы актісіз тексеру жүргізіп, кәсіпкердің құқығын бұзған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тексеру актісі жарамсыз деп танылды және басқарманың бөлім басшысы мен маманы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама