Ол өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырған
Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А. Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикор мәліметінше, ол түрмеде бола тұра ұялы телефонға қол жеткізіп, өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау шалған.
Сотталушы кәсіпкерге кейіннен жеңілдіктер мен преференциялар беретінін желеу етіп, оның 50 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген.
Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қоса алғанда оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.