Еліміздегі жатақханаларда биометрия енгізу ұсынылды

Дәурен Ерболат

Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Фото: rt-solar.ru

Қазақстанда жатақханаларда биометрия енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Оқу-ағарту министрлігі жатақханаларда биометрия енгізу арқылы онда бөгде адамдардың кіруін шектеуді жоспарлап отыр.

Бұйрық жобасы жатақханада тұратын студенттер үшін қол жеткізуді бақылау мен басқарудың баламалы жүйесін – биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) басқа адамдардың студенттердің рұқсатнамаларын пайдалануына жол бермеуді көздейді, – деп жазылған құжатта.