×

Бауыржан Байбек Түркия әуежайынан Дубайға ұшақ билетін алды – БАҚ

Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктестері мен туыстарының көпшілігі БАӘ-де тұрып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2022 | 14:39
фото: видеодан скриншот

Алматының экс-әкімі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Түркияда жүргені белгілі болды.

Оның Стамбұл әуежайында жүрген видеосы YEDILOV ONLINE Telegram арнасына жарияланды. Ал ҚазТАГ-тың хабарлауынша, отбасымен бірге Дубайға ұшатын ұшаққа билет алыпты. Айта кетсек, қазір экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктестері мен туыстарының көпшілігі сол БАӘ-де тұрып жатыр.

Наурыз айының ортасында жұртты Бауыржан Байбектің қайда екені қызықтырған еді. Өйткені ол «Нұр Отан» партиясынан шығатынын Facebook-тегі парақшасында мәлімдеп, саясат сахнасынан көрінбей кеткен болатын. Ал 30 наурызда оны өзі «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған Германияға кетуі мүмкін деген ақпарат пайда болған-ды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама