Halyq Uni логотип
×

Алматы облысының тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 06.09.2024 | 15:05
Алматы облысының тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған
Фото: polisia.kz

Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті тұрғын есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Құқықтық тәртіп» және «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде жүргізілген операция барысында өз үйінде есірткі зертханасын жасаған Қызылқайрат ауылының 36 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жүргізілген сараптама тәркіленген өсімдік жалпы салмағы 1,2 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, есірткі құралдарымен заңсыз айналысқаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кетсек, жыл басынан бері өңірдің тәртіп сақшылары 12 есірткі зертханасының қызметін тоқтатты. Олардың үшеуі құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша тікелей жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама