Паралимпиада: қазақстандық каноэшілер жартылай финалға шықты
Олар іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық каноэшілер жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Жаныл Балтабаева 200 м қашықтыққа VL3 класында сынға түсіп, жоғары нәтиже көрсетті (1:04.72). Осылайша, спортшы 7 қыркүйекте өтетін (Астана уақыты бойынша сағат 13:49-да) жартылай финалда бақ сынайды.
Сондай-ақ Спатай Бибарыс KL2 класында 200 м қашықтықты 48.50 секундта бағындырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Жарыс 7 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 13:14-де өтеді.